Туралы
Xfce — UNIX тәрізді операциялық жүйелерге арналған жеңіл жұмыс үстелі ортасы. Ол жылдам әрі жүйелік ресурстарды аз тұтынуды, сонымен қатар көрнекі және пайдаланушыға ыңғайлы болуды мақсат етеді.
Xfce дәстүрлі UNIX модулділік және қайта қолдану философиясын ұстанады. Ол заманауи жұмыс үстелі ортасынан күтілетін толық функционалдылықты қамтамасыз ететін бірқатар компоненттерден тұрады. Олар бөлек пакеттелген және сіз оңтайлы жеке жұмыс ортасын жасау үшін қолжетімді пакеттердің ішінен таңдай аласыз.
Xfce-нің тағы бір басымдығы — стандарттарды, әсіресе freedesktop.org сайтында анықталған стандарттарды сақтау.
Xfce бірнеше UNIX платформаларына орнатыла алады. Ол Linux, NetBSD, FreeBSD, OpenBSD, Solaris, Cygwin және MacOS X жүйелерінде, x86, PPC, Sparc, Alpha… архитектураларында жиналатыны белгілі.
Мүмкіндіктер
Xfce жұмыс үстелі ортасынан күтілетін минималды тапсырмаларды орындайтын бірқатар негізгі компоненттерден тұрады:
Терезелер менеджері
- Экрандағы терезелердің орналасуын басқарады, терезелердің безендірілуін қамтамасыз етеді және жұмыс аймақтарын немесе виртуалды жұмыс үстелдерін басқарады.
Жұмыс үстелі менеджері
- Фон суретін орнатады және негізгі терезе мәзірін, жұмыс үстелі таңбашаларын немесе жиырылған таңбашаларды және терезелер тізімін ұсынады.
Панель
- Ашық терезелер арасында ауысу, қолданбаларды іске қосу, жұмыс аймақтарын ауыстыру және қолданбалар немесе бумаларды шолуға арналған мәзір плагиндері.
Сессиялар менеджері
- Жұмыс үстелінің жүйеге кіруін және қуатты басқаруын бақылайды және бірнеше кіру сеанстарын сақтауға мүмкіндік береді.
Қолданбаларды іздеуші
- Жүйеде орнатылған қолданбаларды санаттар бойынша көрсетеді, осылайша оларды тез тауып, іске қосуға болады.
Файлдар менеджері
- Файлдарды басқарудың негізгі мүмкіндіктерін және топтық атын өзгерту сияқты бірегей утилиталарды ұсынады.
Баптаулар менеджері
- Жұмыс үстелінің әртүрлі баптауларын басқаруға арналған саймандар; мысалы, пернетақта жарлықтары, сыртқы түрі, дисплей баптаулары және т.б.
Модульдердің негізгі жиынтығынан басқа, Xfce көптеген қосымша қолданбалар мен плагиндерді ұсынады, осылайша сіз жұмыс үстеліңізді өз қалауыңызша кеңейте аласыз, мысалы, терминал эмуляторы, мәтіндік редактор, дыбыс миксері, қолданбаларды іздеуші, суреттерді көру құралы, iCal негізіндегі күнтізбе және CD мен DVD жазу қолданбасы. Xfce модульдері туралы толығырақ жобалар бетінен оқи аласыз.