Жаңалықтар
RSS таспасына жазылуXfce 4.16 жарық көрді
2020
Бүгін, 1 жыл және 4 ай жұмыстан кейін, біз Xfce 4.14 нұсқасын алмастыратын жаңа тұрақты нұсқа — Xfce 4.16 жұмыс үстелінің шыққанын қуана хабарлаймыз.
4.16 көптеген жағынан (тек пандемия ғана емес) ерекше цикл болды. Кодқа жатпайтын өзгерістердің негізгілерінің бірі — біздің GitLab-қа көшуіміз, бұл әзірлеу жұмыс үрдісіндегі өзгеріс және қатысушыларға қолайлы әрі ашық болу бағытындағы үлкен қадам. Жартылай, Xfce 4.16 нұсқасының орасан зор өзгерістер тізімі біріктіру сұранымдарын ұсынған жаңа қатысушылардың арқасында болды (тек негізгі компоненттер бойынша 288 біріктіру сұранымы біріктірілді немесе жабылды!). Біз сондай-ақ Docker эталонды контейнерін (xfce/xfce-build) жасадық және құрастыруды бұзбауымызды қамтамасыз ету үшін барлық компоненттерге CI конвейерлерін қостық. Осының ешқайсысы біздің хостингке демеушілік еткен Gandi және Fosshost көмегінсіз мүмкін болмас еді!
Тағы бір үлкен өзгеріс біздің визуалды болмысымызға қатысты, оны біз кездейсоқ (жартылай Tango негізіндегі) таңбашалардың түсініксіз жиынтығынан және атау беру схемасының жоқтығынан, жаңа, визуалды түрде бірізді жиынтыққа (freedesktop.org атаулар спецификациясы мен бекітілген түстер палитрасына сәйкес) жаңарттық. Бұл таңбашалар тақырыбын қолдаушылар үшін біраз жұмыс тудыратынын білеміз (егер олар біздің тамаша таңбашаларымызды алмастырғысы келсе ;)), бірақ ұзақ мерзімді пайда бұл бір реттік күш-жігерден асып түсетініне сенеміз.
Соңында біз ретке келтіру жұмыстарын жүргіздік (мысалы, Gtk2 қолдау кодын алып тастау арқылы), сондай-ақ жаңа мүмкіндіктер мен жақсартуларды қостық — мұның бәрі шығарылым циклінің орынды мерзімдерін сақтай отырып орындалды.
So without further ado, here go the main highlights of this release:
- Терезелер менеджері композициялау және GLX саласында көптеген жаңартулар мен жақсартулар алды. Егер негізгі дисплей орнатылған болса, alt-tab сұхбат терезесі енді тек сонда көрсетіледі. Сонымен қатар, меңзерді дисплейдің қалған бөлігімен бірге масштабтауға арналған ыңғайлы жаңа опциялар, сондай-ақ жиналған терезелерді ең соңғы қолданылғандар тізімінде сақтау опциясы бұл шығарылымды толықтырады.
- We added a new plugin to the panel dubbed “statustray” which combines both StatusNotifier and legacy Systray items. An animated autohide transition now clearly shows the user “where the panel has gone” and a dark mode (enabled by default) makes the panel drop into the background a bit more with bright themes like the Gtk default Adwaita. Quite a few more smaller improvements were also introduced like accessing desktop actions from a Launcher´s right-click menu, the Window Buttons plugin now offering to
Launch a new instanceof an application and the Workspace Switcher now optionally showing automatic numbering for workspaces. - Дисплей сұхбат терезесіне бөлшекті масштабтау қолдауы қосылды, сонымен бірге дисплейдің таңдаулы режимі жұлдызшамен белгіленіп, ажыратымдылықтардың қасына жақтардың арақатынасы қосылды. Дисплей макетін қате баптағаннан кейін жұмыс істейтін режимге қайта оралу мүмкіндігі де сенімдірек болды.
- A new tab in the “About Xfce” dialog shows basic system information like CPU or GPU type. Furthermore the layout and visuals of the dialog were improved.
- Баптаулар менеджерінде іздеу және сүзу мүмкіндіктері жақсарды. Сонымен қатар, барлық баптаулардың сұхбат терезелері енді Gtk арқылы салынған терезе безендірулерін (клиенттік безендірулер) пайдаланады.
- The “Mime Settings” and “Preferred Applications” dialogs were merged into the “Default Applications” dialog - making it easier for users to set which application handles which filetype or action from one place.
- Біздің Thunar файлдық менеджері көптеген түзетулер мен бірқатар маңызды мүмкіндіктерді алды, оның ішінде көшіру/жылжыту операцияларын кідірту, кезекке қойылған файлдарды тасымалдауды қолдау, әр бума үшін көрініс баптауларын есте сақтау және Gtk тақырыптарындағы мөлдірлікті қолдау бар.
- Біздің tumbler нобайлар қызметі жолдарды алып тастау мүмкіндігімен икемді бола түсті. Сонымен қатар .epub (электрондық кітап форматы) қолдауы қосылды.
- Сеанстар менеджері GPG агентінің 2.1 нұсқасын жақсартылған қолдауды ұсынады және баптаулардың сұхбат терезесі визуалды түрде жақсартылды.
- Қуат менеджері көптеген қателерді түзету мен кейбір кішігірім мүмкіндіктерді алды — солардың ішінде баптаулардың сұхбат терезесін тазалау, «Презентация режимі» қосулы болғандағы қосымша визуалды индикатор, батарея күйінің дәлірек таңбашалары және зарядтағыш қосылған кезде төмен қуат туралы хабарландыруларды автоматты түрде алып тастау бар.
- Жұмыс үстелі негізінен қателерді түзету мен шағын жақсартуларды алды, сонымен қатар жаңа әдепкі тұсқағаз қосылды!
- Біздің garcon мәзірлер кітапханасы жаңа API-лер алды және енді қолданбаларды мәзір орналасқан процестің еншілес процесі ретінде жібермейді. Алдыңғы мінез-құлық қолданбалардың, мысалы, панельмен бірге апатты түрде жабылуына әкелетін еді.
- The applicaton finder now allows for sorting applications by “frecency” - a combination of frequency and recency.
- Dependency updates: Drop Gtk2, add LibGTop, bump Gtk >= 3.22, GLib and GDBus >= 2.50
Xfce 4.16 нұсқасындағы өзгерістердің онлайн шолуын мына жерден көруге болады:
https://www.xfce.org/about/tour416
Xfce 4.14 және Xfce 4.16 шығарылымдары арасындағы өзгерістерге толық шолуды келесі беттен табуға болады:
https://www.xfce.org/download/changelogs/4.16
Бұл шығарылымды жеке пакеттер жиынтығы ретінде немесе осы жеке нұсқалардың барлығын қамтитын бір үлкен архив ретінде жүктеп алуға болады:
https://archive.xfce.org/xfce/4.16
Құрметпен,
Xfce әзірлеушілер командасы