Xfce

Subdomains

 

Жүктеп алу

Көптеген дистрибутивтер Xfce-ні өздерінің пакеттік пішімінде жеткізеді, бірақ сізге жаңа нұсқа қажет болса немесе Xfce-ні нөлден бастап жинағыңыз келсе, пакеттерді төменнен таба аласыз. Xfce-ні қалай компиляциялау керек.

Тұрақты шығарылым 4.20

Xfce 4.20 — Xfce жұмыс үстелі ортасының ең соңғы нұсқасы. Осы шығарылымдағы өзгерістер.

Жеке шығарылымдар

Xfce-дегі әрбір пакет жеке тұрақты немесе әзірлеу шығарылымдарын жасай алады, соның ішінде негізгі пакеттер де бар (шығарылым моделінде сипатталғандай). Шығарылымдар туралы хабарландыруларды Xfce пайдаланушыларының таратылым тізімінен бақылай аласыз, шығарылым арналарын көре аласыз немесе Xfce Mastodon немесе Twitter тіркелгісіне жазыла аласыз.

Дистрибутивтер

Көптеген әртүрлі дистрибутивтер Xfce пакеттерін ұсынады. Xfce негізінде жасалған танымал мысалдар: Xubuntu, Fedora Xfce Spin, Manjaro немесе Zenwalk, бірақ сіздің таңдаулы дистрибутивіңіз де пакеттерді ұсынуы әбден мүмкін.

Толығырақ тізімді DistroWatch.com сайтынан таба аласыз.

Көркемдеу

Xfce дизайнының tarball файлын жүктеп алу .. Онда жоғары сапалы логотиптер мен баннерлер бар. Xfce логотипін көшіру LGPL авторлық құқық лицензиясымен реттеледі.