Xfce

Subdomains

 

Қатысу

Xfce қауымдастығына қош келдіңіз. Біздің командаға қосылу арқылы сіз керемет еркін бағдарламалық қамтама есептеу тәжірибесін ұсыну үшін жұмыс істейтін жүздеген адамдардың халықаралық талпынысының бір бөлігі боласыз. Сіз жаңа достар табасыз, жаңа дағдыларды үйренесіз және бүкіл әлемдегі адамдармен жұмыс істей отырып, миллиондаған пайдаланушыларға пайда әкелесіз. Бұған қатысудың көптеген жолдары бар, төменде оқып, сізді қызықтыратын немесе қиын болып көрінетін саланы таңдаңыз.

Мүмкін болатын тапсырмаларға тестілеу, қателер туралы хабарлау; код жазу, дизайнды, құжаттаманы немесе аудармаларды әзірлеу; немесе ақпарат тарату және желіде де, көрмелер мен конференцияларда да ілгерілету мен маркетингке көмектесу жатады.

Құжаттама

There’s lots of people using and testing Xfce. By providing useful and up-to-date documentation, you will make a big impact on helping people understand how to make the most of the Xfce Desktop Environment. Learn More →

Аударма

Are you fluent in multiple languages? By contributing your translations of text to the Xfce Desktop Environment, you will help Xfce be a better part of the global market and more accessible to the millions of potential users out there. Learn More →

Әзірлеу

Әзірлеуші бола отырып, сіз қиын да қызықты тәжірибеден ләззат ала отырып, үлкен өзгерістер жасай аласыз. Сіз жақсырақ кодер болуды үйренесіз, жаңа мүмкіндіктерді іске асырасыз және қиын қателерді түзетесіз, керемет өнім жасайсыз, сонымен бірге бүкіл әлемдегі адамдармен ынтымақтасасыз. Жұмысты бастапқы кодқа шолу жасаудан бастай аласыз.

Ілгерілету

Егер сіздің блогыңыз немесе веб-сайтыңыз болса, ақпарат тарату және жаңа пайдаланушыларды Xfce-ні байқап көруге шақыру арқылы үлкен көмек көрсете аласыз. Егер сізде Mastodon немесе Twitter тіркелгіңіз болса, үлкенірек аудиторияға жетуімізге көмектесу үшін біз жариялаған кез келген хабарландыруларды бөлісу арқылы да көмектесе аласыз.

Қателер туралы хабарлау және тестілеу

Қауымдастыққа сенім артатын ең пайдалы тапсырмалардың бірі — тестілеу және қателер туралы хабарлау. Xfce әртүрлі платформаларда және көптеген әртүрлі баптауларда жұмыс істейтіндіктен, барлық өзгерістерді әрбір мүмкін жағдайда тестілеу мүмкін емес міндет. Сондықтан пайдаланушылардан біздің қателер трекерін пайдаланып, тестілеуге көмектесуді және табылған барлық қателер туралы хабарлауды сұраймыз.

Қате табылғаннан кейін оның себебін анықтау керек, содан кейін (әрине) түзету керек. Егер сіз Xfce-нің нақты әзірлеу процесіне қатысқыңыз келсе, жұмысты бастаудың жақсы жолы — қателерді шешу және патч файлын жіберу.

OpenCollective

If you want to fund the project, you can use OpenCollective. Xfce has created two collectives, known as Xfce ($) and Xfce-Eu (€) respectively. Learn More →