Жобалар
Xfce жобасы жұмыс үстелінің әрбір бөлігі үшін бірнеше бөлек жобаларды қамтиды. Кейбір жобаларда қосымша ақпарат беру үшін жеке жоба беттері бар.
Негізгі компоненттер
Терезелер менеджері
Ол экрандағы қолданба терезелерінің орналасуын басқарады, терезе безендірулерін қамтамасыз етеді және жұмыс орындарын немесе виртуалды жұмыс үстелдерін басқарады. Көбірек білу →
Панель
Панель — бұл бағдарлама іске қосушыларын, панель мәзірлерін, сағатты, жұмыс үстелін ауыстырғышты және т.б. әрқашан қол астында ұстауға мүмкіндік беретін жолақ. Көбірек білу →
Жұмыс үстелі менеджері
Бұл бағдарлама фон суретін орнатады және түбірлік терезе мәзірін, жұмыс үстелі таңбашаларын немесе жиырылған таңбашаларды және терезелер тізімін ұсынады. Көбірек білу →
Сессиялар менеджері
Сессия менеджері пайдаланушы сессиясын іске қосудың және тоқтатудың барлық аспектілерін басқарады. Көбірек білу →
Баптаулар менеджері
Ол жұмыс үстелі ортасының әрбір егжей-тегжейін баптауға мүмкіндік береді. Көбірек білу →
Thunar файл менеджері
Thunar — басынан бастап жылдам және пайдалануға оңай болу үшін жасалған заманауи файлдар менеджері. Көбірек білу →
Қолданбаларды іздеуші
Жүйеңізде орнатылған қолданбаларды іздеуге, іске қосуға және олар туралы ақпаратты табуға мүмкіндік береді. Көбірек білу →
Қуат менеджері
Компьютердің және қосылған құрылғылардың қуат көздерін басқарады. Көбірек білу →
Xfce кітапханалары
Xfce жұмыс үстелі ортасына арналған виджеттер кітапханасы. Көбірек білу →
Xfconf
Қарапайым клиент-серверлік конфигурацияны сақтау және сұрату жүйесі. Көбірек білу →
Қолданбалар
Терминал
Терминал — беттері және мөлдір фондары бар заманауи терминал эмуляторы. Көбірек білу →
Xfburn
Xfburn — CD және DVD дискілерін жасауға және жазуға арналған қолданба.
Суреттерді қарау құралы
Ristretto — жеңіл суреттерді қарау құралы. Көбірек білу →
Экран сақтағышы
Қарапайым экран сақтағышы және құлыптаушы. Көбірек білу →
Экран суреттерін түсіруші
Экран суреттерін түсіруге арналған қолданба. Көбірек білу →
Мәтіндік редактор
Қарапайым мәтіндік түзеткіш. Көбірек білу →
Хабарламалар
Мөлдірлік эффектілері бар, тақырыптары оңай өзгеретін хабарламалар қызметі. Көбірек білу →