Жаңалықтар
RSS таспасына жазылуXfce 4.8pre3 жарық көрді
2011
Бүгін біз Xfce 4.8 үшінші және соңғы болады деп үміттелетін алдын ала шығарылымын жариялауға қуаныштымыз, ол 2011 жылдың 16 қаңтарында көпшілікке ұсынылады. Xfce 4.8pre2-мен салыстырғанда, бұл шығарылымда негізінен аударма жаңартулары мен қателерді түзетулер бар.
4.8pre2 және 4.8pre3 арасында Рождество мен Жаңа жыл мерекелері болғандықтан, компоненттердің көпшілігінде тек бірнеше мәселелер шешілгені таңқаларлық емес.
Басқалармен қатар, біз монитор пернелерін қосу үшін стандартты пернетақта жарлықтарын жаңарттық. Файлдар менеджерінің прогресс сұхбат терезесінің күй таңбашасы сұхбат терезесі жойылған кезде енді дұрыс жасырылады. Оның тұсқағаздар плагині енді бос орындары бар файл аттарымен жұмыс істей алады. Xfce орындау сұхбат терезесінен жіберілген командалардың орта айнымалылары дұрыс орнатылмаған еді, сондықтан біз оны сұхбат терезесінен жіберілген командалар әрқашан Xfce сессиясының ортасын иеленетіндей етіп түзедік.
We also made the --reboot and --halt parameters of xfce4-session-logout work again which previously simply logged out the active user. In order to avoid a race condition at session startup and in order to speed things up a little more we no longer use xrdb to update xft and cursor settings and instead, update the related XSETTINGS properties ourselves.
xfwm4 терезелер менеджерінде біз қос шерту үшін қажетті уақыт аралығын қалыпты қолданбалармен сәйкестендірдік. /general/mousewheel_rollup жасырын опциясы арқылы енді терезелерді тышқан дөңгелегі арқылы жинап қоюды сөндіруге болады. Терезелер менеджері енді ойындардағы сияқты толық экранды терезелердегі ажыратымдылықтың өзгеруін де дұрыс өңдейді. Xfwm4 қолданбалар ауыстырғышы енді клондалған режимде тек бір рет пайда болады.
Бұл бірнеше пайдалы түзетулер сияқты көрінуі мүмкін, бірақ бұл жаңа Xfce панеліне тағы да жұмсалған жұмыс көлемімен салыстырғанда түк емес. 20-дан астам белгілі қателер мен регрессиялар түзетілді. Міне, толық өзгерістер журналының қысқаша үзіндісі: сыртқы плагиндер үшін аударма домендері түзетілді, плагиндерді DND арқылы қайта реттеуге болады, элементтер редакторындағы элементтерді қос шерту олардың баптауларын көрсетеді, элементтерді элементтер редакторының сұхбат терезесіне сүйреп апару оларды панельден қайтадан өшіреді, тапсырмалар тізімі терезелерін енді монитор бойынша сүзуге болады. Жақында пайда болған және қазір түзетілген тағы бір мәселе — хабарландыру аймағындағы (жүйелік трек немесе systray деп те аталады) таңбашалардың өлшемі.
Толық өзгерістер журналынан көруге болатындай, Xfce 4.8pre3 шығарылымында да көптеген аударма жаңартулары бар.
Біз 4.8 үшін Xfce шығарылым моделін ұстанатындықтан, әдетте бүгін кодты мұздатуды және қолдау көрсетудің ерте циклды тармақтарын құруды жариялайтын едік. Қазіргі уақытта мұның бәрімен айналысатын белсенді адамдар аз болғандықтан, біз бұдан бас тарттық. Сондықтан біз 4.8pre2 және 4.8pre3 арасындағыдай master тармақтарында қателерді түзетуді жалғастырамыз.