Жаңалықтар
RSS таспасына жазылуXfce 4.10pre2 шықты
2012
Xfce әзірлеушілер тобы Xfce 4.10 үшін екінші алдын ала шығарылымын мақтанышпен хабарлайды. Осы алдын ала шығарылыммен бірге, Xfce жобасы 2012 жылғы 28 сәуірде жарық көретін түпкілікті 4.10 шығарылымы үшін жолдар мен кодты (тек маңызды қателерді түзету немесе регрессиялар) мұздату туралы хабарлайды.
Бұл шығарылымда Thunar-дағы файлдық операциялардың жақсартылған жауап беруі және Xfwm4-тегі плиткамен орналастырудың жақсартулары сияқты кейбір жаңа мүмкіндіктер бар. Қалғандарының бәрі — қателерді түзету және көптеген аударма жаңартулары.
Бұл шығарылым сіздерге ұнайды деп үміттенеміз. Өз ойларыңызбен бөлісу, блог жазу, твиттерде жариялау немесе қателер туралы хабарлау арқылы бізге кері байланыс беріңіздер! Сіздердің көмектеріңізбен 4.10 ең жақсы шығарылым болады (кем дегенде 4.12 шыққанға дейін)!
Осы шығарылымға үлес қосқандардың барлығына игі тілектер мен алғыс айтамыз,
Xfce әзірлеушілер тобы